Алматыда қала күніне орай мүмкіндігі шектеулі 300 адам танымал туристік орындарға тегін экскурсия жасайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Алматы әкімдігі мәлім еткендей, мүгедек жандар Ботаникалық баққа, «Oi-Qaragai» таулы курортына және ҚР Тұңғыш Президенті атындағы саябаққа барады.
Жобаның мақсаты - әлеуметтік, жастар және өлкетану туризмін дамыту. Бұл экскурсиялар аға және жас ұрпақты саяхатпен таныстыруға бағытталған.
Негізгі көрікті жерлерге экскурсиядан басқа, қатысушылар командалық рухты нығайту және туристік тәжірибені жақсарту үшін қызықты семинарларға қатысады.
Айта кетейік, тамыздың соңғы күндерінде де, жаңа оқу жылы қарсаңында да аз қамтылған және көпбалалы отбасынан шыққан 400 балаға, мүмкіндігі шектеулі 300 балаға тегін демалыс ұйымдастырылған болатын.
2022 жылы жобаға 500 зейнеткер, аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан 250 бала, сонымен қатар 200 бала мен 150 мүмкіндігі шектеулі ересек адам қатысты,- деп хабарлады әкімдіктен.