Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласында кешкі сағат 22:00-ден таңғы 09:00-ге дейінгі аралықта мотоциклдердің жүруіне тыйым салу жоспарланып отыр.
Қала әкімдігі Алматыда жол жүрісін арнайы ұйымдастыру аймағын белгілеу туралы қаулы жобасын әзірледі.
Алматы қаласының шекарасы шегінде жол қозғалысын арнайы ұйымдастыру аймағы құрылсын. Жол жүрісін арнайы ұйымдастыру аймағында сағат 22:00-ден 09:00-ге дейін мотоциклдердің жүруіне тыйым салынсын, – делінген «Ашық НҚА» порталында жарияланған құжатта.