Алматыда монша өртенді

Алматыда ТЖМ қызметкерлері моншаның жануын сөндірді, деп хаба рлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

 видеодан кадр 3 Қаңтар 2025 2025, 03:21
3 Қаңтар 2025 2025, 03:21
7029
Фото: видеодан кадр

Алматыда ТЖМ қызметкерлері моншаның жануын сөндірді, деп хаба рлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Ведомство таратқан мәліметке сүйенсек, Наурызбай ауданы Тастыбұлақ шағынауданында Обувщик көшесінде демалыс базасының аумағында сақ моншасы жанды.

Келген өрт сөндіру бөлімшелері 100 шаршы метр алаңдағы өртті жедел түрде сөндірді. Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталып жатыр, - делінген ақпаратта.

Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне хабарласу қажет.

Наверх