Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда мониторингтік топтардың жұмысы күшейтілді, деп хабарлады ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК.
2021 жылдың 1 қаңтары мен 13 наурызы аралығында 7 648 объектіге 986 рейдтік тексеру жүргізілді, нәтижесінде 667 объектінің карантиндік шараларды бұзғаны анықталды.
Аталған фактілер бойынша 699 хаттама толтырылып, жалпы сомасы 77 428 350 теңгеге айыппұл салынған.
⠀
Сонымен қатар сот органдарына 57 талап арыз жолданды, оның 20-сы бойынша қызметін тоқтату туралы шешім шығарылды.
Еске салсақ, 2020 жылы қала бойынша 26 мониторингтік топ құрылып, 21 590 нысанға 3 149 рейд жүргізілген болатын. Шектеу шараларын сақтамағаны үшін 5 182 хаттама толтырылып, жалпы сомасы 333 165 540 теңге мөлшерінде айыппұл салынған.