Алматыда мониторинг топтары қоғамдық көліктерде карантин режимінің сақталуын тексеруде

1 Тамыз 2021, 18:29
2491
Бөлісу:
Алматыда мониторинг топтары қоғамдық көліктерде карантин режимінің сақталуын тексеруде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қоғамдық көліктерде вирус жұқтыру қаупі жоғары. 

Осы демалыс күндері Алматы қаласының мониторинг топтарының өкілдері аялдамаларға барып, барлық қоғамдық көлікті біртіндеп тексерді. Тексерушілер автобустар мен троллейбустардың жолаушылары мен жүргізушілерінің маска режимін сақтауын бақылады. Автобус жолаушылары арасында барлығы 23 заң бұзушылық анықталды.

Тексерушілер атап өткендей, қоғамдық көлік жүргізушілері жұмыс уақытында маскада болуға және жолаушыларға маска режимі туралы еске салуға міндетті.

Дегенмен қалалық автобустар мен троллейбустардағы барлық жолаушы маска киюді ереже ретінде ұстанбайды. Маска режимін сақтамағаны үшін олар ҚР ӘҚБтК 1-бөлігінің 425-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Мониторинг топтары заң бұзушылықтар анықталған автобус бағыттарын атады. Олардың ішінде: 1, 98, 32, 123, 79 11, 9, 45, 22, 135, 105, 201, 7, 126, 60, 114, 25, 5, 5Б, 29, 65, 37, 205, 224, 20, 148, 38, 62, 210, 45 и 18-бағыттағы қоғамдық көліктер бар.

Эпидемиологтар егер қоғамдық көлікте қауіпсіз қашықтықты сақтау мүмкін болмаса да, инфекцияны жұқтыру қаупін азайтатын және аурудың тасымалдаушысы мен басқалар арасында өзіндік кедергі болатын маскалар кию қажет екенін еске салады.

Еске салайық, алматылықтардан әлемде «дельта» нұсқасы мен басқа да COVID-19 мутациясының таралуына байланысты қырағылықты жоғалтпауды және босаңсытпауды сұрайды. Бұл ретте қала қалыпты өмір ырғағына оралуы үшін қала тұрғындарының вакциналануын күшейту қажет.

Өзгелердің жаңалығы