Алматыда Мохнатка тауының баурайы өртенді

<h4>Алматы, BAQ.KZ. Бүгін Алматы қаласы Медеу ауданындағы Мохнатка тауының баурайы өртке оранып, жалын 0,5 гектар жерге жайылды.</h4>

 22 Сәуір 2020 2020, 20:12
22 Сәуір 2020 2020, 20:12
1856

Алматы, BAQ.KZ. Бүгін Алматы қаласы Медеу ауданындағы Мохнатка тауының баурайы өртке оранып, жалын 0,5 гектар жерге жайылды. Бұл туралы Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

22 сәуірде сағат 17:15 минутта  Медеу ауданындағы Мохнатка тауының Керей мен Жәнібек Хан көшесі бойындағы бөлігі өртенгені туралы хабарлама келіп түскен.
Күштер мен құрылымдар табиғи өртке қарсы тұруға алдын-ала дайындалған жоспарға сәйкес,  шақыртудың жоғары деңгейі бойынша  жіберілді. Табиғи өртті сөндіруге  ТЖД шоғырландырылған жедел-құтқару жасағынан  24 адам, 5 бірлік техника, Іле-Алатауы МҰТП-нан  15 адам, 2 бірлік техника жұмылдырылды.  Өртті сөндіру үшін «Ермак» рюкзакты өрт сөндіру және траншея құралдары (жарылғыштар мен күректер) пайдаланылды, - делінген хабарламада. 

Желді ауа-райына қарамастан, қабылданған шаралардың арқасында 0,5 гектар аумақты қамтыған өрт сағат 18. 03 минутта толықтай  жойылған. Казіргі уақытта құрғақ ағаштардың шоғы қалғандықтан ТЖД күші мен құралдары түнгі күзетке қалдырған.
Наверх