13 шілдеде оңтүстік астананың ең үлкен стадионында Hardcore HFC MMA-ның промоутерлік екінші турнирі өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
«Қазақ Терминаторы» Мұратбек Қасымбай, «Qazaq» Дамир Ысмағұлов және басқа да ережесіз жекпе-жек шеберлері рингте күш сынасады.
Hardcore Fighting Championship лигасының негізін қалаушы Анатолий Сулянов турнирдің алғаш рет 360 форматында өтетінін, яғни сегізбұрышты алаң аренаның қақ ортасында орналасатынын және көрермендер жекпе-жекті залдың кез келген жерінен еркін тамашалай алатынын айтты.
HFC MMA қазір жаңа кезеңнен өтуде. Қазақстандағы үлкен стадиондардың біріндегі бәсеке елдегі ұзақ уақыт ішіндегі ең қызықты, тарихтағы ең шулы турнирлердің бірі болды, - деді Анатолий Сулянов турнир алдындағы баспасөз мәслихатында.