Алматыда митинг өткізетін орындар өзгерді

28 Тамыз 2024, 14:37
481
Бөлісу:
Алматыда митинг өткізетін орындар өзгерді
Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Бұл туралы Алматы қалалық мәслихаттың кезекті XXII сессиясында айтылды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Бейбіт жиналыстар өткізуге арналған мамандандырылған орындар - М. Ганди атындағы саябақ, Ш. Уәлиханов атындағы және «Сары-Арқа» кинотеатрының артындағы скверлер. Шерулер үшін Шевченко көшесі бойымен Ш.Уәлиханов атындағы скверден М. Ганди атындағы саябаққа дейін жүруге болады.

Шерулерді өткізу бағыттарын өзгертуді қолдаймын. Өйткені бұрын белгіленген бағыт қаланың магистральды көшелерімен қиылысып, қала тұрғындары үшін қолайсыздықтар мен көптеген проблема туғызды. «Сары-Арқа» кинотеатрының артындағы сквердегі орынның толымдығы 1000 адамға дейін ұлғайтылғаны қуантады. Біз 500 адамға арналған митинг өткіздік, онда 1000 адам жайлы орналасады деп ойлаймын, - деді Алматы қалалық мәслихатының депутаты Нұрсұлтан Шоқанов.

Өзгелердің жаңалығы