Мегаполитсе ЖРВИ-дың бір түріне жататын метапневмовирус анықталған жоқ, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Қасымхан Алпысбайұлы мәлімдеді.
Өткен аптада ЖРВИ, тұмау ауруларының 12164жағдайы тіркелді, 100 мың тұрғынға шыққандағы көрсеткіші- 530,59, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,0 есе (24085 жағдай) төмен және бұл алдыңғы аптамен салыстырғанда 34,8% пайызға (18659 жағдай) төмен. Бұл аурудың 61,9% балаларды қамтиды (7527 жағдай). Тұмаудың зертханалық расталған 71 жағдайы, оның 66-і А типі А/H1N1 және В типі-5, науқастарға ем тағайындалған, жағдайлары қанағаттанарлық. Зертханалық мониторинг нәтижелері бойынша басқа да ЖРВИ-ға зеттелген 107 сынаманың 33-де тұмауға жатпайтын басқа ЖРВИ вирустары анықталды: риновирус-14, парагрипп-3, РС-9, аденовирус-1, бокавирус-1, 5 сынамада маусымдық коронавирус. ЖРВИ-дың бір түріне жататын метапневмовирус анықталған жоқ,- деді Қасымхан Алпысбайұлы.