Алматыда «мерей жастағы суретшілердің» көрмесі ашылды

13 Маусым 2021, 10:55
2611
Бөлісу:
Алматыда «мерей жастағы суретшілердің» көрмесі ашылды
PHOTO

Алматы, BAQ.KZ. Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінің қорынан алынған «2021 жылдағы - мерей жастағы суретшілердің» шығармашылығына арналған көрме ашылды.

Экспозицияға биыл мерейтойы болған суретшілердің туындылары қойылған. Олардың есімдері елімізде және шетелде де кеңінен танымал. Шеберлердің шығармашылық жолы ХХ ғасырға, яғни Қазақстанның көркемсурет мектебінің қалыптасу кезеңіне тура келді. Өнерге жалпылама тән «адам және әлем», «адам және уақыт» тақырыбы суретшілерге адам болмысының негізгі құндылықтарын ұғынуға және көрсетуге мүмкіндік береді. 

Алматыда «мерей жастағы суретшілердің» көрмесі ашылды

Олардың шығармашылығында адамдардың бейнелері мен өзгешеліктері, жердің рухы, табиғаттың қайталанбастығы, қаланың ерекше атмосферасы шебер берілген. Бұл суретшілер тағдырдың кейбір керемет өзгерістері бар бай өмірбаянға ие болды. Олардың кейбіреуі үшін Қазақстан екінші отанға айналды, бірақ біріншісінен кем емес сүйікті жері болды, - делінген хабарламада.   

125 жыл – Крутильников Николай Иванович,

120 жыл – Чекалин Борис Алексеевич,

110 жыл – Кужеленко Ольга Дмитриевна, Сухов Сергей Яковлевич,

100 жыл – Гаев Николай Степанович, Дроздов Александр Петрович, Есіркеев Райымқұл, Говорова Татьяна Николаевна, Антоненко Петр Кузьмич,

90 жыл – Ержанов Мэлс Төлекұлы, Калимов Мұхит Ғалымұлы, Ярема Ирина Зеновьевна,

80 жыл – Әйнеков Марат Өмірсерікұлы.

Көрме шілде айының соңына дейін жалғасады.


Өзгелердің жаңалығы