Алматы қалалық мобильділік басқармасы қоғамдық көліктің мереке күндеріндегі жұмыс кестесін жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
1 қаңтар — жолаушылар тасымалдауға жылжымалы құрамның 50%-ы шығады.
2–4 қаңтар — қоғамдық көлік демалыс күнінің кестесі бойынша жұмыс істейді.
№12 маршрут (Алматы-2 теміржол вокзалы – «Медеу» мұз айдыны) 1-4 қаңтар аралығында демалыс күнінің кестесіне сәйкес, жолаушыларға 20 қоғамдық көлік қызмет көрсетеді.
№3 түнгі маршрут өзгермейді.
Метро — демалыс күнінің кестесі бойынша 06:20-дан 00:00-ге дейін жұмыс істейді, қозғалыс аралығы 12–15 минут.
Алдын ала баратын жеріңізді жоспарлап, мерекелік көңіл-күйіңіз көтеріңкі болсын!