Алматыда мереке күндері 65 қылмыс тіркелді

6 Қаңтар 2025, 14:30
293
Бөлісу:
Алматыда мереке күндері 65 қылмыс тіркелді
Фото: ӨКҚ

"103" қызметіне 23 мыңнан астам шақырту келіп түсіп, оның 16 мыңына жедел жәрдем бригадалары қызмет көрсеткен, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Алматыда мереке күндері қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін 3 мыңнан астам полиция қызметкері жұмылдырылды. Бұл туралы Алматы қаласы Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде мәлімдеді.

Алматы қаласының Полиция департаменті өткен мереке күндері тұрақты криминогендік жағдай туралы хабарлайды. Қызметтер мен бөлімшелердің жеке құрамы күшейтілген қызмет режиміне ауыстырылды. Патрульдік полиция нарядтарының саны ұлғайтылды, жаяу патрульдеу маршруттары әзірленді, сондай — ақ құқықтық тәртіпті қорғау үшін Ұлттық ұланның 300 әскери қызметшісі тартылды,- деді Салтанат Әзірбек.

Азаматтар көп жиналатын және мерекелік іс-шаралар өткізілетін орындарға ерекше назар аударылды.

31 желтоқсан мен 4 қаңтар аралығында Алматыда 65 қылмыс тіркелді, олардың көпшілігі мүліктік және тұрмыстық сипатта болды. Оның ішінде 42 қылмыс «ізі суымай» ашылды. Сонымен қатар, мереке күндері 200-ден астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, жолы кесілді. Қала жолдарында 26 мас жүргізуші ұсталып, көлік жүргізуден  шеттетілді, бұл қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі негізгі шаралардың біріне айналды,- деді Алматы қаласы Полиция департаментінің ресми өкілі.

Мереке күндері 16 мың шақыртуға жедел жәрдем бригадалары қызмет көрсеткен. Үшін күн сайын 186 бригада тартылды, онда 500-ден астам қызметкер жұмыс істеді.

Жедел жәрдем қызметіне келіп түскен  шақыртулардың  10-13% -ы жарақаттануға қатысты. Пиротехникалық құралдармен зақымданудың 19 жағдайы тіркелді. 55% жағдайда аяқ — қолдың жарақаттануы, қалған жағдайларда бет, көз және мойын зардап шекті, - деді Жедел медициналық жәрдем қызметінің медициналық бөлімі бойынша директордың орынбасары Андрей Ложкин.

Мереке күндері жылдағы әдетке сай қоңыраулар саны 5-6% ға артқан. Өтініштердің негізгі себептері кенеттен болатын аурулар, тұрмыстық жарақаттар, күйіктер, ішімдіктен және тамақтан улану болған.

Өзгелердің жаңалығы