Алматыда мас жүргізушінің кесірінен жол апаты болды

28 Қыркүйек 2020, 10:54
1761
Бөлісу:
Алматыда мас жүргізушінің кесірінен жол апаты болды

Алматы, BAQ.KZ. Бүгін таңертең Төле би мен Мұқанов көшелерінің қиылысында жол-көлік апаты болып, үш адам зардап шекті. Бұл туралы ratel.kz хабарлады.

Аталған көше қиылысында бағдаршам жұмыс істемей тұрған. Volkswagen Polo Мұқанов көшесімен келе жатқан, ал Hyundai Sonata («Яндекс Такси») Төле би көшесімен батыс бағытта кетіп бара жатқан. 

Кейін белгілі болғандай мас күйінде рөлде отырған Volkswagen көлігінің жүргізушісі «жол беру» белгісіне қарамастан бар жылдамдықпен келіп Hyundai-ды соққан. Соққының қатты болғаны сондай екі көлік те қарсы бетке шығып кеткен. Hyundai көлігі жол жиегіндегі бағдаршамды қиратып барып арыққа түсіп кеткен.

Hyundai көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы соққыдан қатты зардап шеккен. Сол маңдағы куәігерлер көмекке келіп, адамдарды қираған көліктен шығаруға көмектескен. Олар ауыр халде ауруханаға жеткізілді. 

Медициналық сараптама Volkswagen жүргізушісінің мас күйде болғанын анықтады.

Өзгелердің жаңалығы