Алматы қаласының Алмалы ауданында жылу желілерінде жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін Манас көшесіндегі учаскелердің бірінде жол жүру уақытша жабылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
17 шілдеде сағат 09.00-ден 19 шілде күні сағат 09.00-ге дейін Алмалы ауданындағы көлік қозғалысы Манас көшесімен Шевченко көшесінен Абай даңғылына дейін жабылады.
Алдағы жылыту маусымына жылумен жабдықтау желілерін дайындау жөніндегі іс-шаралар шеңберінде магистральдық құбыр учаскесінде жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін уақытша шектеулер енгізіледі.
Естеріңізге сала кетейік, қозғалыстарды шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz, @AlmatyJoly Telegram-арнасы мен сайтта орналастырылған, сондай-ақ аудандық әкімдіктер мен басқармалардың әлеуметтік желілерінде, «2GIS» пен «Яндекс карталар» сервистерінде бар. Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз, - деп жазды «Алматы жылу желілері» ЖШС.