Алматыда локдаун енгізіле ме?

24 Шілде 2021, 14:38
3464
Бөлісу:
Алматыда локдаун енгізіле ме?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында қаладағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай жайында брифинг өтті.


Қаланың санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин брифингте Алматыда локдаун енгізілмейтінін айтты.

Бекшин атап өткендей, аурудың өсуіне қарамастан, қаладағы денсаулық сақтау жүйесі оны жеңе алады.

Өткен жылы біз медициналық инфрақұрылымды дайындадық. Атап айтқанда, төсек-орын жүйесі, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету. Сонымен қатар жеке қорғаныс құралдарында проблемалар жоқ. Жүйенің оған қауқары жетеді. Одан бөлек, қалада ауруханаға жатқызуда проблемалар жоқ, - деді қаланың мемлекеттік санитарлық дәрігері.

Ол барлық қызмет тиімді жұмыс істеп жатқанын, сонымен бірге жүктемені жеңе алатынын айтты. 

Ал жедел жәрдемнің не себепті кешіктірілуіне қатысты журналистің қойған сұрағына былай деп жауап берді.

Жедел жәрдемнің келуін кешіктіру жағдайлары болса, call-орталыққа хабарласу қажет, - деп айтты Бекшин.

Еске сала кетейік, бұған дейін Бекшин вакцина алған 178 адам қайта вирус жұқтырғаны туралы айтты.



Өзгелердің жаңалығы