Мемлекеттік орталық музейінде суретші Лея Санатаның 40-тан астам шығармалары ұсынылды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
"Гүлдер құшағынде" көрмесінде бейнелердің құпиясын тереңнен ұғынып, кенеп пен бояу арқылы өзге бір әлеммен таныса аласыз. Суретшінің шығармашылығы ғасырлар бойы адам санасына сіңіп қалған кейбір түсініктерді түбірімен өзгертеді.
Суретшінің әрбір картинасы өмір қуанышы мен тәтті сезімдерді оятып, адамның жанын тербетеді. Ол табиғаттың терең де нәзік түстерін пайдалана отырып, адам мен табиғаттың бітеқайнасқан бірлігін көрсетеді. Лея Саната бірқатар елдің әлемдік қоғамдастығында "өнер әлемінің сұр кардиналы" болып танылды. Ол – түстердің нәзік сезімін тереңнен ұғынған әлем адамы. Өнертанушылар Лея Санатаның стилін Grand Genre, яғни "жоғары жанр" десе, сарапшылар оның кескіндемесін жаңа сюрреализмге жатқызады, - деді Мемлекеттік орталық музейі директорының міндетін атқарушы Ғалия Теміртон.
Италия, Түркия, Дубай елдерінде үлкен жетістікке жеткен көрме Қазақстанда тұңғыш рет ашылмақ. Аталмыш көрме әр елге жасалған саяхат десе де болады.
Лея Санатаның кескіндемесі әйел адамның бейнесін әр жетістігінде, шексіз кемелдене гүлдейтін сан қырлы нәзік гүлмен салыстыра отырып бейнелейді. Әйел – бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен ана, данышпандықтың, ішкі ұлы күштің көрінісі.
Оның әрбір шығармасы әйел адамның ұлылығына арналған. Себебі өзі де өмірінің әр сәтінде бүр ашқан гүлдей, бойына нәзік сезім мен ұлы дарынды сіңірген.
Көрмеде суретшінің теңдессіз шығармашылығымен таныса отырып, сұлулықтан шабыт алып қайтарыңыз анық.