Алматыда лай көшкіні тағы болуы мүмкін

17 Сәуір 2024, 14:49
1358
Бөлісу:
Алматыда лай көшкіні тағы болуы мүмкін
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Алматының Медеу ауданында лай көшкіні болған, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

ТЖМ мәліметінше көлемі 10 текше метр болатын лай сырғымасынан зардап шеккендер жоқ.

Сырғыма Медеу ауданындағы үйлердің біріне жақын жерге түсті. Зардап шеккендер мен қираулар жоқ. Бұл жағдайға қатты жауын-шашын мен топырақтың батпақтануы себеп болды.

«Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесі аталған учаскеде сырғыманың қайта түсу қаупі бар екенін айтты, - дейді ТЖМ.

Өзгелердің жаңалығы