Алматыда Қырғызстанда кісі өлтіргені үшін іздеуде болған ер адам ұсталды

13 Мамыр 2021, 16:42
1602
Бөлісу:
Алматыда Қырғызстанда кісі өлтіргені үшін іздеуде болған ер адам ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматылық полицейлер Қырғызстанда кісі өлтіргені үшін іздестіріліп жатқан ер адамды ұстады.

3 сәуірде қырғызстандық БАҚ Бішкектегі «Құдайберген» базарында 1988 жылы туған азамат Артур Богдановты өлтіріп кеткендігі туралы хабарлады. Артурдың өліміне 1989 жылы туған Николай Алексеев күдікті деп танылып, іздеу жарияланды. Тергеу мәліметтері бойынша, достар арасында келіспеушілік болып, кейін Николай Алексеев Богдановты пышақтап кеткен.

Бүгін 13 мамырда полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов Богдановтың Алматыда ұсталғанын хабарлады.

Күдіктінің Алматы қаласының аумағында жасырынып жүргені туралы жедел ақпарат келіп түсті. Жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп, нәтижесінде күдікті ұсталып, Алматы қаласы ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды, - деп жазды ол өзінің Facebook-тегі парақшасында.

Ол күдіктіні экстрадициялау мәселесі халықаралық шарттарға сәйкес шешілетінін атап өтті.



Өзгелердің жаңалығы