Алматыда күзгі дератизация жүргізіліп жатыр

25 қазанға дейін қалада кеміргіштермен күресу үшін жаппай дератизация жүргізіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ Алматы қаласының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

9 Қыркүйек 2024 2024, 21:12
АВТОР
 Алматы қаласының әкімдігі 9 Қыркүйек 2024 2024, 21:12
9 Қыркүйек 2024 2024, 21:12
1491
Фото: Алматы қаласының әкімдігі

25 қазанға дейін қалада кеміргіштермен күресу үшін жаппай дератизация жүргізіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ Алматы қаласының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл жылына екі рет – көктем мен күзде өткізілетін маңызды санитарлық шара. 

Бұл нені білдіреді? 

"Эко Сервис" мамандандырылған ұйымы ашық аумақтарды, өзендер мен су айдындарының жағалауын, сондай-ақ 50 мың гектарға жуық алаңдағы жеке үйлердің аумағын өңдейді. 

Дератизацияның мақсаты – кеміргіштер санын азайту және жұқпалы аурулардың таралуын болдырмау. 

Барлық заңды тұлға, ПИК, МИБ, серіктестіктер және ғимарат иелері аумақтарында жаппай дератизация жүргізіп, бір мезгілде дератизациялау жұмыстарын ұйымдастыруға шақырады. Бірлесіп Алматыны қауіпсіз әрі жайлы қалаға айналдырамыз!, - делінген хабарламада.

Наверх