Алматыда күзетшіні ұрып өлтірген күдікті 24 жылға сотталуы мүмкін

Бөлісу:
Алматыда күзетшіні ұрып өлтірген күдікті 24 жылға сотталуы мүмкін
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив

Алматыда Нурбол Қайыпбаевтың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша сот процесі өтті, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Прокурор күзетшіні аса қатыгездікпен өлтірген айыпталушыға 24 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Адвокат Асылбек Әбдірайымов жәбірленуші тараптың қылмыскердің өмір бойы бас бостандығынан айыруды талап етіп отырғанын әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

Бұл қылмыс аса қатыгездікпен жасалғандықтан, біз жәбірленуші тараптың өкілдері ретінде сотта пікір алмасу барысында өмір бойы бас бостандығынан  айыру жазасын талап еттік. Себебі бұл тек адамның өлімі жөніндегі құқық қорғау ісі ғана емес, бұл ең алдымен қоғамның әділдігі, қауіпсіздігі мен адамдардың қатыгез, адамгершілікке жатпайтын кісі өлтірушіден қорғау мәселесі. Оның жабайы, дөрекі әрекеттері, бейкүнә адамның өмірін қиғаны – бұл тек оның мінез-құлқы болып табылмайды, ол оның өмір салты, үйреншікті, заң мен тәртіп алдында мойынсұнбайтын келбеті,- деді адвокат.

Ол сондай-ақ айыпталушының 99 бабтың 2 бөлімі, 5 тармағы бойынша, Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес әділ жаза қолданылуы шарт екенін мәлімдеді.

Мұндай тұлғалардың қоғамда еркін өмір сүруі мүмкін емес. Біз әділеттіліктің жеңуін, сондай-ақ бейбітшілік пен қауіпсіздіктің сақталуын талап етеміз.  Осы орайда, заңдылықты көздеген, өзін білікті маман ретінде көрсеткен  іс бойынша мемлекеттік айыптаушы Медеу ауданы прокурорының көмекшісі Қанатқызы Найляға алғысым шексіз. 99 бабтың 2 бөлімі, 5 тармағы бойынша, Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес әділ жаза қолданылуы шарт,- деді Асылбек Әбдірайымов.

Еске сала кетейік, былтыр көктемде Алматыдағы элиталық «Меркур Тауэрс» көпқабатты үйдің тұрғыны мас күйінде көлік тізгіндеп, қақпаны жауып жатқан күзетшіні әдейі бірнеше рет қағып, артынша ұрып өлтірген еді.

Өзгелердің жаңалығы