Алматыда күрделі жөндеуді қажет ететін 63 мектеп бар

Бөлісу:
Алматыда күрделі жөндеуді қажет ететін 63 мектеп бар
Фото: Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі

Алматыдағы мектептердің 68 пайызында косметикалық жөндеу жұмыстары аяқталған, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.


Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде Алматы қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Гүлнәр Ермекбаева айтты.

Орын тапшылығын азайту мақсатында №48 мектеп-гимназиясында және №148, №112, №9 мектеп-интернатында 920 орынға арналған қосымша жаңа ғимараттар салынып, іске қосылды. Сонымен қатар, №127 және №70 жалпы білім беретін мектептерде әлі де күрделі жөндеу жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізіліп жатыр, осы жылдың желтоқсан айында аяқтау жоспарланған. Апатты жағдайда деп танылған №59 мектеп-гимназиясының бір оқу ғимараты, спорт залы және асхана ғимараты сүріліп, орнына 300 орынға арналған жаңа ғимарат және ескі ғимаратқа қайта жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Алматыда мектептердің 68 пайызында косметикалық жөндеу жұмыстары аяқталған. Қалған мектептердегі жұмыстар осы жылдың 25 тамызына дейін бітеді, – дейді Гүлнәр Ермекбаева.

Спикер қала мектептеріндегі кабинеттердің жай-күйіне тоқталып өтті. Оның сөзінше, алдағы уақытта модификацияланған кабинеттер бой көтереді. 

164 білім беру ұйымы жаңа модификацияланған физика кабинетімен, 158 білім беру ұйымы жаңа модификацияланған химия кабинетімен, 159 білім беру ұйымы жаңа модификацияланған биология кабинетімен, 79 білім беру ұйымы заманауи робототехника кабинеттерімен жабдықталған. 56 білім беру ұйымында жаңа модификацияланған кабинет алуға конкурстық рәсімдер жүріп жатқандығы анықталды, – дейді Алматы қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы.

Мониторинг қорытындысы бойынша, Алматы қаласындағы 63 білім беру ұйымына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу керектігі анықталған.

Өзгелердің жаңалығы