Алматы, BAQ.KZ. Зардап шеккендер ауруханаға жатқызылды. Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталуда. Бұл туралы Алматы ТЖД-нің баспасөз қызметі хабарлады.
Оқиға 27 сәуір күні Медеу ауданы С.Нұрмағамбетов көшесінде болған. Жанармай құю бекетінің 3 жұмысшысы құдыққа есептегіш көрсеткіштерін алу үшін түскен.
Аталған жайт бойынша хабар аласымен қаланың шұғыл қызмет күштері мен құралдары, сондай ақ «109 құтқару қызметі», ҚР ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағы, 3 жедел медициналық көмек бригадасы, Медеу ауданы ТЖ басқармасы, Полиция департаменті шұғыл жұмылдырылды. Авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу барысында құтқарушылар үш зардап шеккен адамдарды шығарып алды. Олар дереу жақын маңдағы көпсалалы клиникалық ауруханаға жеткізілді, - делінген хабарламада.Департамент зардап шеккендерге барлық қажетті медициналық көмек көрсетілгенін және оқиға қаланың шұғыл қызметтерінің бақылауына алынып, оның себептері мен мән-жайлары анықталып жатқанын мәлімдеді.