Алматы, BAQ.KZ. Бұл туралы Алматы қаласы Өнеркәсіптік қауіпсіз департаменті хабарлады.
Департаменттің мәліметінше, 04.04.2022 жылы «Жас Қанат» шағын ауданындағы «Рембус» ЖШС құрылыс объектісінде шамамен сағат 9.00-9.30-да салынып жатқан 9 қабатты ғимараттың парапетіне КБ-308 рельсті жүрісті мұнара кран құлаған. Өнеркәсіптік қауіпсіздік департаментінің қызметкерлері оқиға орнына барған және қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ екені хабарланды.
Кранның меншік иесі «КБК» ЖК болып табылады, шарт бойынша кран «Мелиоратор» ЖШС жалға берілді. 10.03.2021 жылы «Жетысу өнеркәсіптік қауіпсіздік» ЖШС Кранның мүмкіндігін, оны одан әрі пайдалануды анықтауға сараптама жүргізді. Кранды пайдалану мерзімі 2023 жылдың наурызына дейін ұзартылды, – делінген хабарламада.
Сондай-ақ мәліметте 11.02.2022 жылы «Мелиоратор» ЖШС хатына сәйкес кран ҚР ТЖМ өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің маманымен іске қосылғаны айтылады.
Қазіргі уақытта департаментпен мұнара кранының авариясын тексеру жөніндегі комиссия құрылады.