Алматыда көші-қон заңнамасын бұзған 157 еңбек мигранты анықталды

Бүгiн, 15:20
129
Бөлісу:
Алматыда көші-қон заңнамасын бұзған 157 еңбек мигранты анықталды
Фото: Polisia.kz

Алматыда көші-қон заңнамасын бұзған 157 еңбек мигранты анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Алматыда полицияның «Заңсыз келуші» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында еңбек мигранты анықталды. Африка құрлығынан келген азамат қаладағы мейрамханалардың бірінде ыдыс жуушы болып жұмыс істеген.

14-18 қазан аралығында Қазақстан бойынша «Заңсыз келуші – 2024» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Шараның басты мақсаты – заңсыз көші-қон арналарын анықтау, сондай-ақ онымен байланысты басқа да құқық бұзушылықтарды анықтап, олардың жолын кесу. Іс-шараның алғашқы күнінде көші-қон заңнамасын бұзған 214 адам анықталды, оның ішінде 157-сі шетел азаматтары. Сонымен қатар сот шешімін орындамай, елден шықпаған 8 шетелдік те анықталды, – деп мәлімдеді Алматы қалалық полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.

Полицияның мәліметінше, Алматыдағы құрылыс нысандарының бірінен 50-ге жуық шетелдік еңбек мигранты табылған. Олардың барлығы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Өзгелердің жаңалығы