Алматыда көшені жарықтандыру бойынша ауқымды жобалар аталды

Бүгiн, 16:08
127
Бөлісу:
Алматыда көшені жарықтандыру бойынша ауқымды жобалар аталды
Фото: «Алматы Қала Жарық» КМК

Алматыда көше жарығын қалпына келтіру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. «Алматы Қала Жарық» КМК басшысы Игорь Мысик zakon.kz берген сұхбатында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оның айтуынша, қалада ескі шамдарды жаңа жарықдиодты шамдарға (LED) жаппай ауыстыру жүріп жатыр. Бүгінгі таңда 5 мыңнан астам ескі шамдар LED шамдарға ауыстырылды және бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда. Игорь Мысик мұндай шамдар әлдеқайда жарқырап, ұзаққа созылатынын және электр қуатын аз тұтынатынын атап өтті. 

Алматыда көшені жарықтандыру бойынша ауқымды жобалар аталды

Сонымен қатар, 2024 жылдың жазында «Алматы Қала Жарық» компаниясы республикалық және жергілікті маңызы бар тарихи және мәдениет ескерткіштерін түнгі жарықтандыруды өткізу жұмыстарын аяқтады. Олар қаланың барлық аудандарын қамтыды, 56 ескерткіш пен бюст қосылды, қосымша жарықтандыру үшін 128 прожектор орнатылды, - деді Игорь Мысик. 

28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта да ауқымды жұмыстар жүргізілді. Аллеяларда, тротуарларда және алаңдарда жарықтандыру желілері толық ретке келтірілген. Алты шақырымнан астам жаңа желілер салынды, 470 шам ауыстырылды, 450 автоматты ажыратқыштар орнатылды. 

Әр фонарь мен прожекторды қосудың егжей-тегжейлі схемалары бар саябақты жарықтандыру жүйесінің паспорты жасалды. Қазір Желтоқсан саябағында да осындай жұмыстар басталды, - деп атап өтті «Алматы Қала Жарық» КМК басшысы. 

Айта кетейік, 2024 жылдың қаңтар айынан бастап АҚЖ үш компаниядан тұратын консорциум мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша өз міндеттерін орындамағаннан кейін қаладағы жарықтың басым бөлігіне жауап береді. 2023 жылдың жазында қала әкімі Ерболат Досаев жеке серіктеспен шартты бұзып, барлық желілерді аудан әкімдіктерінің балансына беруді тапсырды. Бүгін олардың барлығы кәсіпорынмен желілерге қызмет көрсету туралы келісім жасады. Осылайша, АҚЖ 2025 жылға қарай көшені жарықтандыруды 100%-ға дейін жеткізуді жоспарлап отыр.

Өзгелердің жаңалығы