Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Алматыда көшелерді абаттандыру жұмыстары жалғасып жатыр

24 Тамыз 2025, 22:26
629
Бөлісу:
 Алматы қаласының әкімдігі
Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Жұбанов көшесіндегі абаттандыру жұмыстарымен танысты. Жоба Саин көшесінен Өтеген батыр көшесіне дейінгі аумақты қамтиды. Құрылыс мамыр айында басталып, қарашада аяқталмақ, деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Жоба аясында тротуар плиткалары төселіп, орындықтар мен қоқыс жәшіктері, жарық шамдары орнатылады. Сондай-ақ балалар және спорт алаңдары салынып, бейнебақылау камералары мен автоматты суару жүйесі енгізіледі.

Алматыда көшелерді абаттандыру жұмыстары жалғасып жатыр

Көгалдандыру жұмыстары шеңберінде 15 мыңнан астам бұта мен гүлзар отырғызу көзделген. Әкім газондар мен ылғалды көп қажет ететін өсімдіктердің орнына күтімі жеңіл, құрғақшылыққа төзімді түрлерді тамшылатып суару әдісімен егу қажеттігін атап өтті.

Жұмыс сапарының қорытындысында қала басшысы абаттандыру барысын қатаң бақылауда ұстауды және төзімді өсімдіктерді отырғызуды қамтамасыз етуді тапсырды.

Өзгелердің жаңалығы