Жетісу ауданындағы тұрғын үйлердің бірінің ауласында көршісін көлікпен әдейі қаққан жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Бұған дейін желіде бұл оқиғаның видеосы тараған болатын. Онда куәгерлер бұл оқиға кездейсоқ болмағанын айтқан.
Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, бұл дерек бойынша Жетісу аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады.
Анықталғандай, жанжал екі ер адамның арасында тұрмыстық негізде болған. Қазіргі уақытта жүргізуші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деді полиция.
Полиция азаматтарға кез келген дау мен жанжалды тек құқықтық жолмен шешу қажеттігін еске салды. Әрбір заңға қайшы әрекет үшін жауапкершілік қарастырылған.