Алматыда коронавирустан жазылып шыққандар саны 210-ға жетті

5 Мамыр 2020, 18:05
1559
Бөлісу:
Алматыда коронавирустан жазылып шыққандар саны 210-ға жетті
Фото: ашық дереккөз

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Кешелі бері стационарлардан 51 адам емдеуден шығарылды. Оның ішінде 28 адам вирусы бар науқаспен байланыста болғандар және 23 медицина қызметкері. Жалпы жазылып шыққандар саны - 210.

Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқарма басшысы Тілеухан Әбілдаев брифинг барысында айтты.

Басқарма басшысы президенттің тапсырмасы бойынша медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары күшейтілгенін айтты.
Бүгінгі таңда Алматы қаласында 1940 төсек-орынға арналған 9 жұқпалы стационар жұмыс істейді, провизорлық емдеуге жатқызу үшін 909 төсек-орынға арналған 12 стационар, карантиндік емдеуге жатқызу үшін 1392 төсек-орынға арналған 9 стационар белгіленді. Барлық қалалық жұқпалы аурулар және провизорлық ауруханаларда үй-жайларды "таза" және жұқтырылған аймақтарға бөлу қағидаты сақталады, - деді ол. 
Сондай-ақ, барлық медициналық мекемелерде желдету және бейнебақылау жүйесі жұмыс істеп тұрғанын айтты. Жауапты қызметкерлер медицина қызметкерлерінің жеке қорғану құралдарын дұрыс кию хаттамасын сақтауын қадағалайды.
Жеке қорғаныс құралдарын кию алгоритмін сақтау бойынша тұрақты сабақтар өткізілуде. Одан бөлек, барлық ем алуға мұқтаж науқастар ҚР ДСМ-ның емдеу хаттамасына сәйкес толық көлемде емделетіндігін атап өткен жөн. Сондай-ақ, коронавирустық инфекцияа тән симптомдар болған жағдайда 1406 нөмірі бойынша тәулік бойы саlll-орталығының нөмірі бойынша дереу хабарласуларыңызды немесе жедел медициналық көмекті шақыруларыңызды сұраймыз, - деді Әбілдаев.

Өзгелердің жаңалығы