Алматыда коронавирустан көз жұмғандардың орташа жас мөлшері белгілі болды

7 Тамыз 2020, 16:48
1982
Бөлісу:
Алматыда коронавирустан көз жұмғандардың орташа жас мөлшері белгілі болды

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қамалжан Надыров онлайн брифинг барысында вирус жұқтырғандардың өліп кетуіне не әсер еткенін айтты.

Коронавирустан қайтыс болған адамдарда қосалқы аурулары болған және көз жұмғандардың орташа жас мөлшері 67 жасты құрайды, - деді ол.
Сонымен қатар, ол пандемия басталғалы Алматыда коронавирустың 12 997 жағдайы тіркелгенін жеткізді. 7 804 науқас жазылып шықса, 164 адам осы індеттен көз жұмды. Соңғы тәулікте 176 адам вирус жұқтырғаны анықталған.
Сөз арасында ол қаладағы эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануына коронавируспен күресуге уақытында бағытталған жұмыстар әсер еткенін жеткізді.
Нәтижесінде ауруханалардың жүктемесі азайып, қазір 72 пайызы бос. Бүгін бір тәулікте орташа есеппен 120-150 адам ауруханаға жатқызылса, аурудың өршіген кезінде бұл көрсеткіш тәулігіне 500-ден асқан еді, - дейді басқарма басшысы. 
Сондай-ақ, ол ендігі міндет денсаулық сақтау жүйесін коронавирусті емдеуге бейімдеп, олардың алдағы уақыттағы дайындығын қамтамасыз ету екенін айтты.


Өзгелердің жаңалығы