Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы қалада коронавирусқа қарсы вакцина жеткілікті екенін мәлімдеді.
Қала бойынша вакцинаның бірінші компоненттің 51 698 дозасы және екінші компоненттің 103 449 дозасы бар, - делінген хабарламада.
Өткен тәулікте Алматы қаласы бойынша 4 594 адам вакцина алған. Вакцина алғандардың жалпы саны 334 265 адамды құрайды.
Вакцина алғандардың жалпы санынан 60 жастан асқан қарт кісілер 32 150-і құрайды.
2021 жылдың 10 маусым күні Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасына қытайлық «Sinovac Biotech» компаниясы шығарған CoronaVac вакцинасының жалпы саны 46 000 дозасы (1 және 2 компонент) жеткізілді, - делінген хабарламада.
Бүгінгі таңда Алматыда медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарларда және қаланың СОСО-да 211 вакцинация пункті жұмыс істейді. 304 вакцинация бригадасында 1 257 медицина қызметкері жұмылдырылған.
Айта кетсек, 11 маусым күнгі жағдай бойынша коронавирустық инфекцияның 124 жаңа жағдайы тіркелген, оның 101 симптомдық белгілері бар және 23 симптомсыз.