Алматы, BAQ.KZ. Кеше Алматыда 33 адамның коронавирус жұқырғаны ПТР тестімен расталды. Оның 26 симптомдық белгілері бар және 7 симптомсыз.
Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, өткен тәулікте 19 адам коронавирустан емделіп шыққан, ал келіп түскендер саны 12.
Инфекциялық стационарларда 96 адам, емделіп жатыр, оның 8-і бала. Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде – 11 науқас бар. ӨЖЖ – 4, инвазивті емес ӨЖЖ – 1, High flow-да 4 аппарат жұмыс істейді, - делінген хабарламада.
БМСК мен Телемедицина орталығы дәрігерлерінің бақылауында 174 науқас бар, олардың ішінде жеңіл және орташа ауырлық дәрежесінде 158, симптомсыз 16 адам ем алуда.
Сондай-ақ өткен тәулікте коронавирусқа қарсы вакцинаның 1-компонентін 633 адам салдырған, ал 2-компонетін 1 344 адам алған.