Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Алматыда көпқабатты үйден өрт шықты: 60 адам эвакуацияланды

Кеше, 22:27
123
Бөлісу:
 pixabay
Фото: pixabay

Алматыда көпқабатты үйдегі пәтерден өрт шықты. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазіргі уақытта Алматы қаласы ТЖМ бөлімшелері Бостандық ауданындағы Рысқұлбеков көшесінде орналасқан көпқабатты тұрғын үйде шыққан өртті сөндіруде. Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына келген сәтте 12 қабатты үйдің 12-қабатындағы пәтердің ашық жалынмен жанып жатқаны анықталды. Өртті сөндіруге оқпандар беріліп, автоцистерналар өрт гидранттарына қосылды, - делінген ведомство хабарламасында.

 ТЖМ күштері баспалдақ маршымен 60 адамды, оның ішінде 20 баланы эвакуациялады. Қабылданған шаралардың нәтижесінде өрттің таралуына жол берілмеді. Өрт толығымен сөндірілді.

112 қызметіне зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.  

Өзгелердің жаңалығы