Алматыда колонияның экс-басшысы жемқорлықпен ұсталды

Бөлісу:
Алматыда колонияның экс-басшысы жемқорлықпен ұсталды
Фото: BAQ.KZ архив

Бекзат Балтабайұлына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа сәйкес, құқық қорғау органдарының қызметкерлері әділет полковнигі Бекзат Балтабайұлын сыбайлас жемқорлық ісі бойынша қызметтік кабинетте ұстаған.

Ол Алматы қаласы бойынша №13 Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ең төменгі қауіпсіздік мекемесінің бастығы қызметін атқарады, - делінген жазбада.

ІІМ ҚАЖК мәліметі бойынша, аталған тұлға ұсталған сәтте ішкі істер органдарының қызметкері болмаған.

Оған қатысты құзырлы органдар сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті кез келген құқықбұзушылыққа нөлдік төзімділік саясатын ұстанады және тергеу жүргізіп жатқан органдарға жан-жақты көмек көрсетеді, - деді ІІМ ҚАЖК.

Өзгелердің жаңалығы