Алматыда көкжөтелмен ауырғандардың 56%-ы екпе алмағандар

Бөлісу:
Алматыда көкжөтелмен ауырғандардың 56%-ы екпе алмағандар
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив

Мегаполисте балалар арасында көкжөтелдің 62 расталған жағдайы тіркелді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі

Бұл туралы Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Қасымхан Алпысбайұлы мәлімдеді.

14 жасқа дейінгі екпе алмаған балалар арасында көкжөтелдің 62 расталған жағдайы тіркелді. Оның 35-і (56,4%) көкжөтелге қарсы екпеден бас тартуына байланысты, 14-і (22,5%) медициналық қарсы көрсетілімдерге байланысты, 10-ы (16,1%) вакцинация жасына жетпегені, 3-еуі (4,8%) екпенің толық вакцинация курсымен қамтылмаған. Ошақтарда байланыста болған 373 адам тексерілді, нәтижелері – теріс. Байланыста болғандарға емханалардың медицина қызметкерлерінің медициналық бақылауы орнатылды, - деді Қасымхан Алпысбайұлы .

Көкжөтелден қорғаудың жалғыз сенімді және тиімді әдісі – вакцинация. Көкжөтелге қарсы егу 2, 3, 4 және 18 айлық жастағы балаларға көкжөтелге, дифтерияға, сіреспеге, "В" гепатитіне, гемофильді инфекцияға және полиомиелитке қарсы бір мезгілде кешенді вакцинамен жүргізіледі. Бұдан әрі 6 жастағы балалар АбКДС күшейткіш дозасымен егіледі.

Өзгелердің жаңалығы