Алматыда Көктөбе телемұнарасы қызғылт сары түске көмкерілді

Алматыда "Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн" атты жаһандық акцияны қолдау мақсатында бірқатар нысандарға жылы қызғылт сары түс берілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 видеодан кадр 30 Қараша 2025 2025, 13:17
30 Қараша 2025 2025, 13:17
530
Фото: видеодан кадр

Алматыда "Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн" атты жаһандық акцияны қолдау мақсатында бірқатар нысандарға жылы қызғылт сары түс берілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Атап айтқанда, Көктөбе телемұнарасы, Halyk Bank ғимараты, Тұңғыш Президент саябағы, LED-экрандар және қаланың бірнеше ірі орындары қызғылт сары түспен әрленді.

Қызғылт сары түс – жылылықтың, үміт пен бірліктің белгісі. Ол әрбір адамның құқығын қорғаудың маңыздылығын және зорлық-зомбылықтың кез келген түріне нөлдік төзімділік қағидатын еске салады.

Бұл – қоғам назарын маңызды мәселеге бұратын көрнекі белгі әрі қиындыққа тап болған адамдарға деген қолдау мен құрметтің нышаны.

Наверх