Алматыда хайуанаттар бағы уақытша жабылды

13 Наурыз 2020, 23:19
2643
Бөлісу:
Алматыда хайуанаттар бағы уақытша жабылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы хайуанаттар бағы коронавирусқа байланысты уақытша жабылды. Бұл туралы зообақтың баспасөз қызметі хабарлайды.

 

Алматы зоологиялық паркінің әкімшілігі 2020 жылдың 14 наурызынан бастап зоопарк келушілер үшін уақытша жабық болады деп хабарлайды. Зообақтың қашан ашылатыны кейінірек жарияланады, - деді зообақтың баспасөз қызметі.

Парк әкімшілігі бұл жағдайдың COVID - 19 вирусының таралуы мен алдын алу жөніндегі шаралардың күшеюіне байланысты екенін атап өткен.

Өзгелердің жаңалығы