Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласының Бостандық ауданындағы ғимараттардың бір бөлігі бір күнге ыстық судан ажыратылады. Бұл туралы «Алматы жылу жүйесі» ЖШС-і хабарлады.
2022 жылғы 18 мамыр сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін Бостандық ауданының аумағында орналасқан Жароков – әл-Фараби – Гагарин – Ходжанов көшелері аумағындағы тұрғын үйлерге және өзге де ғимараттарға ыстық су болмайды, – делінген хабарламада.
Жылумен жабдықтау желілерінде жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін шектеулер енгізілген.
Аталған мекеме уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұрайды.