Алматыда кейбір маршруттардың қозғалыс бағыты уақытша өзгерді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Алматы қалалық мобилділік басқармасының хабарлауынша, әл-Фараби даңғылының Рысқұлбеков көшесінен Дулати даңғылына дейінгі бөлігінде жол жөндеу жұмыстарына байланысты №38, №119, №102 қоғамдық көліктің жүру бағыты өзгерді:
- №38A оңтүстік бағытта (айналма жолмен) - Мұстафин көшесі - Саин көшесі (айналма жолмен) - одан әрі схема бойынша, кері бағытта - өзгеріссіз;
- №119 маршрут - солтүстік бағытта - Асқаров көшесі - Садықов көшесі -Саин көшесі - одан әрі схема бойынша, кері бағытта - өзгеріссіз.
Сондай ақ Әйгерім-2 ықшамауданында жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 3 шілдеден бастап жұмыстар аяқталғанға дейін №102 маршрут сызбасына да уақытша өзгерістер енгізіледі:
-Солтүстік бағытта- Шұғыла көшесі-Әлмерек абыз көшесі - Қожаханов көшесі- Бенберин көшесі- одан әрі схема бойынша; - Оңтүстік бағытта-Бенберин көшесі - Қожаханов көшесі- Әлмерек абыз көшесі-Шұғыла көшесі- одан әрі схема бойынша.