20 желтоқсаннан бастап №5, №5а, №5б, №5в және №26 маршруттарда жаңа автобустар шығарылатын болады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Соңғы айларда аталған маршруттарда жоспарлы жылжымалы бірліктің жолға шығуы 50%-ға дейін төмендегендіктен, маршруттарды Иссузу Н-40 маркалы жаңа 19 автобуспен қызмет көрсететін «Сапаршы» ЖШС тасымалдаушы компаниясына беру туралы шешім қабылданды.
№5 маршрутқа 4 жылжымалы бірлік, №5а мен №5в маршруттарына 2, №5б маршрутына 3 және №26 маршрутқа 5 автобус шығару қарастырылған.