Алматыда кедергісіз орта құруға жастар қатыса алады

30 Қазан 2024, 15:20
365
Бөлісу:
Алматыда кедергісіз орта құруға жастар қатыса алады
Фото: pixabay.com

Қалалардағы кедергісіз орта проблемалары қазіргі қоғамның ең өзекті мәселелерінің бірі. Шағын шаһарларды айтпағанда ірі қалаларда қажет инфрақұрылымның жетіспеушілігі, тұрғын үй жабдықтары мен қоғамдық орындардың қолжетімсіздігі көптеген адамға, әсіресе мүмкіндігі шектеуді және егде тартқан азаматтарға үлкен қиындықтар туғызады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жүріп-тұру қиындығы қоғамдық өмірге толыққанды қатысу мүмкіндігін шектейді, бұл өз кезегінде әлеуметтік теңсіздіктердің артуына әкеледі. Қазіргі кезде Алматы қаласында 60 мыңнан аса азаматтың мүгедектігі бар.

Алматыда кедергісіз орта құруға жастар қатыса алады

Кедергісіз орта – физикалық мүмкіндіктеріне қарамастан барлық адамға қалалық инфрақұрылымды оңай пайдаланып, қалалық ортада емін-еркін жүріп-тұруына жағдай жасауға бағытталған тұжырымдама. Демек, кедергісі орта бордюр, баспалдақ сияқты кедергілерді азайтып, пандус, лифт, тактильді белгілер және инклюзивті кеңістік секілді ыңғайлы шешімдерді құруду қамтиды.

Алматы қаласында осы проблемаларды шешуге атсалысу үшін Алматы қаласын дамыту орталығы, «Алматыбасжоспар» ҒЗИ және Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы бірлесіп, жастар арасында DESIGN REVIEW 2024 байқауын жариялады.

Алматыда кедергісіз орта құруға жастар қатыса алады

«Қалаларымыздың кедергісіз орта арқылы әркім үшін ыңғайлы әрі қауіпсіз болуы — барша қоғамның міндеті. Осы байқау арқылы біз талантты жастарды тартып, оларға арнайы шеберлік сабақтарын өткізіп, қаламызда әбден іске асыруға болатын дайын жобалар пулын жинағымыз келеді», - деді «Алматыбасжоспар» ҒЗИ жобасының бас сәулетшісі Қалби Қошқарбаева.

DESIGN REVIEW 2024 байқауына қатысу жас сәулетшілер мен дизайнерлерге көпқабатты үйлерде мүмкіндігі шектеулі адамдарға инклюзив ортаны құруға мүмкіндік береді. Байқау нысаны ретінде кеңес одағы дәуірінен қалған, поскеңестік кезеңдегі лифті жоқ үйлер алынып отыр. Үздік жобаларға қаржылай жүлде қарастырылған.

Байқау мақсаты – ескі үйлерде мүмкіндігі шектеулі тұрғындардың қажеттіліктерін ескеретін неғұрлым жайлы қалалық кеңістік құру, тұрғындардың жүріп-тұруын жеңілдету бойынша жоба әзірлеу.

Жүлде қоры: 600 000 теңге.

Қалалық байқау 2024 жылғы 30 қазаннан 30 қараша аралығында өтеді. Жеңімпаздарды марапаттау – 30 қараша. Байқауға студенттер, 25 жасқа дейінгі дизайнерлер, ландшафт сәулетшілері және жас мамандар қатыса алады.

DESIGN REVIEW 2024 байқауы аясында 7-15 қараша аралығында бірнеше шеберлік сабақ өтеді:

Шеберлік сабақтардың тақырыбы қалалық кеңістікті зерттеу әдістері, дизайн-жобаларды құру және жобаны таныстыруа алу дағдыларын игеруді қамтиды.

Жұмыстар 28 қарашаға дейін қабылданады. Жұмыстарды таныстыру: 29-30 қараша.

Жүлделер:

* 1-орын — 300 мың теңге.

* 2-орын — 200 мың теңге.

* 3-орын — 100 мың теңге.

Үздік жұмыстар әлеуметтік қызметтер мен бизнестің нормативтік актілерінде іске асыруға ұсынылады. Байқаудың шарты мен толық мәліметті ережеден біле аласыз. Қалалық инфрақұрылымды дамытуға үлес қосу мүмкіндігін өткізіп алмаңыз!

Ұйымдастырушылар: «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ, «Алматыбасжоспар» ҒЗИ және ҚазБСҚА.

Тіркелу: 2024 жылдың 6 қарашасына дейін жалғасады.

Толық ақпарат https://almatydc.kz/ сайтында.

Өзгелердің жаңалығы