Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Алматыда "Kazakh tazy" монотұқымдық көрмесі өтті

25 Қазан 2025, 17:20
487
Бөлісу:
 Қазақстан кинологтар одағы
Фото: Қазақстан кинологтар одағы

Алматыда Республика күніне орай Қазақы тызысына арналған көрмесі өтті. Көрмені Қазақстан кинологтар одағы ұйымдастырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Іс-шараға еліміздің түрлі өңірлерінен 60-тан аса қазақ тазысы қатысты.

Бағдарлама стандартқа сай тұқымдық бағалауға бағытталды. Стандарт бөлімдері бойынша экстерьерді сараптау, салыстырмалы рингтер және финалдық орналастыру жүргізілді.

Алматыда "Kazakh tazy" монотұқымдық көрмесі өтті

Сараптаманы аңшылық тұқымдар бойынша тәжірибесі бар ұлттық және халықаралық санаттағы судьялар өткізді.

Алматыда "Kazakh tazy" монотұқымдық көрмесі өтті

Рингтерге барлық сыныптар — күшіктерден ардагерлерге дейін қатысты.

Күн қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды.

Көрме нәтижелері:

1. Тұқымның ең үздігі: "Перизат из страны Беловодье"

2. Үздік арлан: Хан

3. Үздік юниор: Найза

4. Үздік күшік: Күміс

Монотұқымдық көрме — жай ғана сұлулық шоуы емес. Мұндай іс-шаралар қазақ тазысының сақталуына және асылдыруына, асыл тұқымдық, сондай-ақ жауапты асырау мәдениетін көтеруге бағытталған.

Алматыда "Kazakh tazy" монотұқымдық көрмесі өтті

Бұл — иттерді сәйкестендіру, шығу тегі бойынша есеп жүргізу, жұптастырулар мен күшіктерді тіркеу, денсаулықты бақылау және көрме рингтерінде тұрақты сараптама жасау.

Алматыда "Kazakh tazy" монотұқымдық көрмесі өтті

Айта кетерлігі, қазақтың дәстүрлі бұйымдарымен әсем безендірілген ұлттық киіз үй қазақы тәсілмен бірге отбасы суреттері үшін жылы да жайлы орынға айналды, қонақтар естелікке қуана суретке түсіп, көтеріңкі көңіл-күймен тарады.

Өзгелердің жаңалығы