Алматыда қаза тапқан полицейлердің отбасыларына мемлекеттік наградалар тапсырылды

2 Қазан 2021, 10:24
11380
Бөлісу:
Алматыда қаза тапқан полицейлердің отбасыларына мемлекеттік наградалар тапсырылды
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ішкі істер министрі қаза тапқан полицейлердің отбасыларына мемлекеттік наградалар тапсырды, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев 2021 жылғы 20 қыркүйекте қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан Алматы қаласы Полиция департаментінің екі қызметкерінің отбасыларына мемлекеттік наградаларды тапсырды. 

Біздің әріптестеріміз, полиция майоры Дархан Сүлеев пен полиция капитаны Нұрбол Байғазиев қызметтік міндеттерін адал атқарып, әріптестеріне үлгі болып, болашаққа жоспар құрды. Олардың өмірін қиған қайғылы оқиға барлық қазақстандықтарды дүр сілкіндірді, – деп атап өтті ІІМ басшысы. 

Алматыда қаза тапқан полицейлердің отбасыларына мемлекеттік наградалар тапсырылды

Учаскелік полиция инспекторлары Дархан Сүлеев пен Нұрбол Байғазиев қаза тапқан соң Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен ІІ дәрежелі “Айбын” орденімен марапатталды. 


Бүгін мен Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша оларды тапсыру үшін келдім, – деп атап өтті министр Ерлан Тұрғымбаев. 
Ол ішкі істер органдарының қызметкерлері қызметтік борышы бойынша әрдайым қылмысқа қарсы күрестің және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің алдыңғы қатарында екенін атап өтті. Полицейлердің күнделікті жұмысы өмір мен денсаулыққа қауіп төндіреді. Сын жағдайларында бірнеше секунд ішінде олар жауапты шешімдер қабылдауға мәжбүр, кейде адамның өмірімен байланысты болады.

Еске салсақ, 20 қыркүйекте Алматы тұрғыны үйден шығару жөнінде сот қаулысын орындауға келген сот орындаушылар мен полицейлерге оқ жаудырды. Салдарынан бес адам көз жұмды. Оның ішінде полицейлер, сот орындаушылар және үйдің жаңа қожайыны да қаза болған.

Өзгелердің жаңалығы