Алматыда қай мектептерде сейсмикалық күшейту жұмыстары жүріп жатқаны айтылды

12 Тамыз 2021, 12:25
3889
Бөлісу:
Алматыда қай мектептерде сейсмикалық күшейту жұмыстары жүріп жатқаны айтылды

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева қалада жаңа мектептер салынып, кейбір ескі білім беру ұйымында сейсмикалық күшейту жүріп жатқанын айтты.

Оның айтуынша, қазір Алатау, Наурызбай және Түрксіб аудандарында 12 600 орындық 8 мемлекеттік мектепте және 17 жұмыс істеп тұрған мектептерге 8 263 орындық қосымша құрылыс салынып жатыр. Атап айтсақ бұл №38, 60, 166, 186, 6, 132, 117, 133, 144, 121, 199, 191, 57, 177, 102, 34, 170-ші мектептер.

4 150 орындық 9 қосымшаның құрылысын оқу жылының басында аяқтау, ал қалған 8 қосымшаның құрылысын осы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған. Сондай-ақ, 4 мектептің ғимаратына қалпына келтіру және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде, ол №7, 40, 45, 54 мектептер. № 81 мектептің сейсмотұрақтылығын күшейту аяқталды, тағы №40, 45, 54-ші мектептің құрылысын 1 қыркүйекке дейін және № 7 мектептің құрылыс-монтаж осы ағымдағы жылдың желтоқсан айында аяқтау жоспарлануда,-деді басқарма басшысы.

Сонымен қатар ол қазір №4 мектепті реконструкциялау, 2 мектепке қосымша құрылыс салу және 3 мектепті сейсмикалық күшейту бойынша жұмыстар басталғанын айтты. Жөндеу жұмыстары кезінде мектептерді көшіру жұмыстары жүргізілуде.

Өзгелердің жаңалығы