Биыл Зерделі шағын ауданында 380 орынды жатақханасы бар 720 орынды кәсіби техникалық училищенің құрылысын басталады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы қалалық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Ұлан Оңалбаев айтты.
Сонымен қатар, №2 Алматы мемлекеттік педагогикалық колледжі үшін 450 орынды қосымша құрылыс салу жобасы әзірленуде. Жатақханалардағы орын тапшылығы мәселесін шешу үшін 600 орынды 2 жатақхана салу жобасы әзірленуде.
Олар Алматы автомеханикалық колледжі мен инновациялық технологиялар колледжі үшін салынады. Бұл нысандардың құрылысы 2023-2024 жылдарға жоспарланған.