Алматыда кәсіпкерлерге қысым жасамақ болған қылмыстық топ ұсталды

Тінту барысында қару-жарақ, Калашников автоматы және 500-ге жуық оқ-дәрі тәркіленді.

 Polisia.kz Бүгiн 2026, 19:51
Бүгiн 2026, 19:51
80
Фото: Polisia.kz

Алматыда адам ұрлау және ауыр қылмыстарға қатысы бар топ ұсталды. Тінту барысында қару-жарақ, Калашников автоматы және 500-ге жуық оқ-дәрі тәркіленді, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

ІІМ Бас прокуратурамен бірлесіп, 27 наурыз күні Алматы қаласында жедел әзірлеме аясында адам ұрлау және денсаулыққа ауыр зиян келтіру фактілеріне қатысты қылмыстық істер бойынша жедел-тергеу іс-шаралар кешенін жүзеге асырды.

Үйлестірілген әрекеттердің нәтижесінде барлық күдікті анықталып, ұсталды. 17 санкцияланған тінту жүргізілді.

Заңсыз айналымнан атыс қарулары, оның ішінде сәйкестендіру нөмірлері жоқ тапаншалар мен Калашников автоматы, сондай-ақ әртүрлі калибрлі 500-ге жуық оқ-дәрі тәркіленді.

Жедел ақпаратқа сәйкес тәркіленген қару мен оқ-дәрілерді кәсіпкерлерге криминалдық қысым көрсету үшін пайдалану жоспарланған.

Құқыққа қайшы әрекеттердің дер кезінде жолын кесу ауыр зардаптардың алдын алуға мүмкіндік берді. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасады.

Наверх