Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Алматыда кәсіпкерді өлтіріп, мүлкін тонағандар Әзербайжаннан ұсталды

23 Шілде 2025, 16:06
1010
Бөлісу:
 видеодан скриншот
VIDEO
Фото: видеодан скриншот

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Қазақстанның Әзербайжандағы елшілігінің көмегімен аса ауыр қылмыстар, оның ішінде адам өлтіру мен қарақшылық жасағаны үшін іздеуде жүрген Қазақстан азаматын Әзербайжан Республикасынан экстрадициялады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Өткен жылдың қазанында күдікті басқа адаммен топ болып, таныс кәсіпкерді кездесуге алдап шығарып, соның барысында оны есінен танғанға дейін ұрып-соғып, жалпы құны 40 млн теңгеге жуық мүлкін иемденіп, кейін Алматы қаласының сыртына алып шығып, өлтірген, - деп хабарлады Бас прокуратура.

Күдіктілердің бірі ізін суытпай ұсталып, ал екіншісі жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланды.

2025 жылдың қаңтарында ол Әзербайжан аумағында ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы бойынша отанына экстрадицияланды.

Қазіргі уақытта ол тергеу изоляторына қамалды.

Айыпталған қылмыстарды жасағаны үшін мүлкін тәркілеп, 20 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жазалар көзделген, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы