Алматыда каратэден әлем чемпионаты өтіп жатыр

25 Қараша 2023, 10:27
945
Бөлісу:
Алматыда каратэден әлем чемпионаты өтіп жатыр
Фото: автордан

Алматыда киокушин-кан каратэден әлем чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Қалада орналасқан «Саду ARENA» спорт кешенінде «World Championship of Kyokushin-kan karate» әлем чемпионаты өтуде. Жарыс ката және кумитэ бөлімдері бойынша болып жатыр. Турнирге 12-17 жас аралығындағы жастар мен 36-85 жас аралығындағы ардагерлер қатысады. Татами шеберлері жиналған жарыс 26 қарашаға дейін жалғасады.

Алматыда каратэден әлем чемпионаты өтіп жатыр

Киокушин-кан каратэден әлем чемпионаты Алматыда үш күн бойы өтеді. Бүгін ката бөлімі бойынша, ертең кумитэ бойынша жекпе-жектер болады. Жарысқа әлемнің 35 елінен 600-ге жуық спортшы қатысады. Қазақстан каратэшілердің дайындығы жақсы. Олар Алматы қаласында 40 күн дайындық жаттығуларын жасады. Біздің спортшыларымыз өздерін тек жақсы қырынан көрсетеді деп үміттенемін. Соңғы жылдары киокушин-кан каратэден спортшыларымыздың қоржынында әлем чемпиондығы, Азияны алтын медальдары бар. Бүгін де қыз-жігіттерімізден жақсы нәтиже күтеміз. Жалпы жарыс фавориті ретінде жапон спортшыларын айтуға болады. Дегенмен, қазіргі заманда логистика жақсы дамыған. Бірнеше жылдар бойы Жапония дайындалған өзге елдің де мықты спортшылары бар. Сондықтан бақ шаба ма, бап шама – оны татами көрсетеді, – деді Республикалық Киокушин-кан каратэ Федерациясының вице-президенті Әлімжан Молдағали.

Алматыда каратэден әлем чемпионаты өтіп жатыр

Сондай-ақ ол қазақстандықтардың бұл спорт түріне қызығушылығы туралы айтып өтті.

Киокушин-кан каратэ Алматыда да, елімізде де жақсы дамыған. 30 жыл бойы өсіп-өркендеп келеді. 1990-шы жылдары Қазақстанға келе бастаған. Елімізге бұл спортты алғаш алып келген адамдардың бірі – Александр Медведев болды. Киокушин-кан каратэмен көптеген балалар, жасөспірімдер айналысады. Қазір Туризм және спорт министрлігі мен әкімдіктердің тарапынан жақсы қолдау көрсетіледі. Біздің стильдің өзінде 10 мыңға жуық адам бар. Киокушинмен 1 сыныптағы баладан бастап айналысады алады. Негізгі жас аралығы 7-ден 40 жасқа дейін. Бірақ бізде 44 жасында да айналысып жүрген азаматтар бар. Ертең ардагерлер арасындағы сайыстар өтеді. Сондықтан ішіңде каратэ болатын болса, онымен өмір бойы айналыса аласың, – деді Әлімжан Молдағали

Өзгелердің жаңалығы