Алматыда «Қарапайым заттар экономикасы» бойынша 22,2 млрд теңгенің жобасы мақұлданды

14 Қазан 2021, 15:29
4203
Бөлісу:
Алматыда «Қарапайым заттар экономикасы» бойынша 22,2 млрд теңгенің жобасы мақұлданды

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Айтуар Қошмамбетов Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде кәсіпкерлерді қолдау бойынша биыл қандай бағдарламалар іске асқанын мәлімдеді.

А. Қошмамбетовтың айтуынша, жыл басынан бері «қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша 22,2 млрд теңгеге 17 жоба қаржыландырылып, мақұлданған. Оның ішінде өңдеу өнеркәсібі 87%-ға ие, қалғаны - қызмет көрсету саласы.

Жобалардың ең көп саны «Бизнестің жол картасы – 2025» аясында қаржыландырылыпты. Барлығы 84,5 млрд теңгеге 1 199 жобаға көмек көрсетілген. Ал «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 1 млрд теңгенің 73 жобасы қаржыландырылыпты.
А. Қошмамбетов биылдан бастап «алматылық өндірушілер» пулы құрылғанын жеткізді.

Біз Алматы қаласы әкімінің орынбасарларымен бірлесіп, өндірушілердің проблемалары мен нақты жүктемесін анықтау үшін оларға барамыз. 25 отандық кәсіпорынға барып, олардың жұмыстарын аралап көрдік, - деді ол.

Нәтижесінде «Аль Бакара», «Алма-мебель» және «Торнадо PLUS» ЖШС-мен 400 млн теңгеге мектеп жиһазын жеткізуге, «Склад ОВ» кәсіпорнымен 50,6 млн теңге сомасына 19 мың секция радиаторын жеткізуге келісімшарт жасалған. Жүргізіліп жатқан жұмыстардың арқасында «Алматылифт» компаниясы 449 млн теңгеге 46 лифт жеткізбек.



Өзгелердің жаңалығы