Алматыда карантин шараларын бұзған 29 нысан бойынша материалдар сотқа жіберілген

8 Ақпан 2021, 14:11
1372
Бөлісу:
Алматыда карантин шараларын бұзған 29 нысан бойынша материалдар сотқа жіберілген

Алматы, BAQ.KZ. Алматыда мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша карантиндік шаралардың сақталуын бақылау жөніндегі мониторингтік топтар күшейтілген режимде жұмысын жалғастыруда.

Штаб күн сайын мобильді операторлардың деректері бойынша азаматтардың жиналатын орындарына талдау жасалады. Өткен аптада 1-6 ақпан аралығында 97 тексеру іс-шаралары жүргізілді, 740 нысан қамтылды, 74 (10%) нысанда карантин шараларының бұзылуы анықталды.

Анықталған 74 материалдың 29-ы заңды тұлғаларға 462-баптың 1-бөлігі «тексеру жүргізуге кедергі келтіру»  бойынша  жабуға, 462-баптың 3-бөлігі « бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаларды орындамау» бойынша мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотқа берілді (5 іс бойынша шешім қабылданды): 

• Алатау ауданы бойынша - 3 материал - «Жақсылық» дәмханасы (нысан қызметі 1 айға тоқтатылды, 100 АЕК көлемінде айыппұл салынды); «Центр шашлыка» дәмханасы; «Шамо» ЖШС бильярд клубы (нысанның қызметі карантин режимі аяқталғанға дейін тоқтатылды);

• Алмалы ауданы бойынша - 5 материал - «Финик» мейрамханасы бойынша, «Fizika» түнгі клубы, «Boohouse» дәмханасы,  «Пират» дәмханасы, «Endorphin» дәмханасы;           

• Әуезов ауданы бойынша - 1 материал - «Рыба моей мечты» караоке-бары;

• Бостандық ауданы бойынша - 2 материал - «Sunset» мейрамханасы «Мастер Фуд  Казахстан» ЖШС, «Шмель» тавернасы;

• Жетісу ауданы бойынша - 6 материал: Ниязова Ж.А. компьютерлік клубы (қызметі 3 айға тоқтатылған), "Gameclub" ойын клубы, жеке тұлға Қуандыкова Ж.С ойын алаңы, "Ломатик" ойын алаңы жеке тұлға Пайзаева С.Э., "SKY SPORT"  компьютерлік клубы  жеке тұлға Ернур .Г., «ГринККМ» ЖШС лото клубы;

• Медеу ауданы бойынша - 7 материал:  Виктория бинго клубы, «Ordagamecenter» ЖШС компьютерлік клубы, «Манана»  мейрамханасы, «Пугасов» мейрамханасы, «Бармаглот» бары, «Hookan Dreems» кафебары, «Айлина» мейрамханасы;

• Наурызбай ауданы бойынша - 2 материал - «Премьера» дәмханасы ( 100 АЕК айыппұл салынып, қызметі 1 айға тоқтатылды), «Таужолы» дәмханасы( 100 АЕК айыппұл салынып, қызметі 1 айға тоқтатылды);

• Түрксіб ауданы бойынша - 3 материал – «Таэкван-додан Қазақстан Жастар Федерациясы» қоғамдық ұйымы , «БекАр»ойын клубы жеке тұлға Орашбеков Б.К., «Erbil» мейрамхана-қонақ үй кешені.

Естеріңізге сала кетейік, қаңтар айында Алматыда 506 іс-шара өткізіліп, оның барысында 3935 нысан қамтылды, карантиндік шаралар бұзылған 311 нысан анықталды. 273 хаттама толтырылды, оның ішінде заңды тұлғаларға 20 млн теңге сомасына 59 хаттама салынды, Жеке тұлғаларға қатысты бетперде режимін бұзғаны үшін 9,5 млн теңге сомасына 214 хаттама толтырылды.

Айта кету керек, елдегі және әлемдегі эпидемиологиялық жағдай күрделене түсуде. Бірқатар елдерде жаңа шектеулер қабылдануда. Мысалы, Франция үкіметі эпидемиологиялық жағдай нашарлаған кезде коронавирус бойынша карантиннің үшінші режимін енгізу мүмкіндігі туралы хабарлады.

Алматы әкімдігі қала тұрғындары мен кәсіпкерлік субъектілерін карантин шараларын сақтауға шақырады. Жаппай жұқтырудың алдын алу үшін мегаполистің барлық тұрғындары мен қонақтарына бетперде режимін, әлеуметтік қашықтықты және жеке гигиенаның өзге де шараларын сақтау қажет. Кәсіпкерлік субъектілері нысан аумағында белгіленген санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың толық сақталуын қамтамасыз етуі тиіс: санитайзерлер, тепловизорлар, ғимараттың желдетілуі және дезинфекциялануы, қолданыстағы жұмыс режимінің сақталуы және т. б.

Пандемия басталғаннан бері 7 ақпандағы жағдай бойынша Алматыда COVID-19 22 898 жағдайы тіркелді.



Өзгелердің жаңалығы