Алматыда қаңғыбас жануарларды реттейтін арнайы бағдарлама іске асырылады

3 Қыркүйек 2021, 12:34
6624
Бөлісу:
Алматыда қаңғыбас жануарларды реттейтін арнайы бағдарлама іске асырылады

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы басшысының орынбасары Дамир Тазабек онлайн брифингте Бақытжан Сағынтаевтың өкімімен қаңғыбас жануарлардың санын реттеу жөніндегі комиссия құрылғанын мәлімдеді.

Оның айтуынша, бұл қаладағы қауіпсіз эпизоотикалық жағдайды қамтамасыз етеді, қаңғыбас жануарлардың азаматтарды қабу фактілерін азайтады, сонымен қатар үй жануарларын ұстау жауапкершілігі мен мәдениетін арттырады. 

Бұл оларға қатыгездік танытудың алдын алады. Комиссия құрамына ветеринария саласындағы ғылыми қызметкерлер, Nur Otan партиясы мен ҚХП-нан мәслихат депутаттары, ветеринарлық клиникалардың, қоғамдық жануарларды қорғау ұйымдарының өкілдері кірді. Комиссияның бірінші отырысы 30 шілдеде болды. Соның нәтижесінде 2021-2024 жылдарға арналған Алматы қаласында қаңғыбас жануарларды адамгершілікпен реттеу бағдарламасын мақұлданды, - дейді Тазабек.


Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының ветеринария бөлімінің басшысы Әйгерім Жақсылық комиссия жұмысы мен бағдарламаның орындалуы туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

 
Оның айтуынша, иттер мен мысықтарды аулаудың қазіргі жүйесі қаңғыбас жануарлардың өсуін тежей алмай отыр. Бұл ретте қаңғыбас жануарлар санының өсуіне үй иелерінің жауапсыздығы әсер етіп отыр.


Қараусыз қалған жануарлар адасушылардың қатарын үнемі толықтырып отырады. Жануарлардың бақылаусыз көшеде қалуы және азық-түлік іздеген олар қалаға келіп жатыр, - дейді Ә. Жақсылық.

Қараусыз қалған жануарларды адамгершілікпен реттеу бағдарламасы аясында қаланың ветеринарлық қызметінің материалдық-техникалық базасы жаңартылмақ, тегін зарарсыздандыру мен чиптеу жүргізіледі және баспаналарға қолдау көрсетіледі.

Біз халықаралық стандарттарға сәйкес келетін қалалық ветеринарлық орталықтың құрылысына инвесторларды тартамыз, ұсталған жануарлар сонда уақытша паналайды, - дейді Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының өкілі.


Өзгелердің жаңалығы